A Culture Where Everyone Belongs
We’re committed to building a workplace where inclusion is not just a priority—it’s part of who we are. We celebrate the vast spectrum of identities and experiences of our people, knowing they fuel our innovation and purpose.
Start your career with usWabtec-тің көзқарасы мен миссиясы
Біздің көзқарасымыз | Болашақ ұрпақ үшін әлем қозғалысын түбегейлі өзгерту.
Біздің миссиямыз | Инновациялық әрі ұзақ мерзімді көлік шешімдерін ұсына отырып, клиенттеріміздің әлеуетін толық ашу.
Wabtec құндылықтары
Адам - басты құндылық
Біз қарым-қатынасты бағалаймыз. Әріптестерімізбен де, клиенттерімізбен де дұрыс шешім қабылдаймыз. Адам және оның қауіпсіздігі - біздің негізгі басымдығымыз.
Мүмкіндіктер көкжиегін кеңейту
Біз жасайтын өнімдерімізді де, жұмыс тәсілімізді де үнемі жетілдіру жолдарын іздейміз. Біз - өмір бойы білім алатын жандармыз. Үздік нәтижелерге жету үшін үнемі жақсартуға ұмтыламыз.
Әралуандылықты құрметтеу
Біз түрлі тәжірибелерді, кәсіби біліктілікті және мәдени ортаны жоғары бағалаймыз. Әркім өзін осы ортаға тиесілі сезінетін ұйым құруға талпынамыз.
Біртұтас Wabtec
Біз - ортақ миссия жолында бірігіп жұмыс істейтін жаһандық қауымдастықпыз. Қайда барсақ та, бірге қадам басамыз.
Біздің мәдениетіміздің ерекшелігі неде?
Таланттар қорын нығайту
Wabtec ұйымның барлық деңгейінде білікті кадрларды дамытуға басымдық береді. Біз колледждермен, университеттермен, техникалық оқу орындарымен және кәсіби қауымдастықтармен серіктестік орнатып, тағылымдамаларды дамытуға және мансаптық өсуді қолдауға ықпал етеміз.
Мықты құндылықтарға негізделген
Жұмысқа қабылдау үдерісін Wabtec құндылықтарымен үйлестіре отырып, біз бизнес мақсаттарымызға және қоғамға тигізетін әсерімізге сай келетін тұрақты таланттар экожүйесін қалыптастырамыз. Біз ынталы, ынтымақтастыққа бейім және құрмет пен үздікке ұмтылуға негізделген табысты болуға дайын адамдарды іздейміз.
Қызметкерлерімізге деген берік ұстаным
Wabtec өз қызметкерлерін жаһандық компанияның негізгі тірегі деп санайды. "Адам - басты құндылық" қағидасына сүйене отырып, біз адалдықты, құрметті және жауапкершілікті басшылыққа аламыз.
Адам - басты құндылық
Қызметкерлермен қарым-қатынасымыз - компания беделінің негізі. Біз әрдайым қауіпсіз, инклюзивті әрі өзара сенімге құрылған жұмыс ортасын дамытуға ұмтыламыз. Мұнда әр адам өз пікірін еркін білдіріп, идея ұсына алады және ұйым жетістігіне белсенді үлес қосады.
Қызметкелеріміздің дамуына қолдау көрсетеміз
Қызметкерлер ресурстық топтары
Біздің жаһандық Қызметтік ресурстар топтар қауымдастықтарымыз -қызметкерлер бастамасымен құрылған бірлестіктер. Олар құрмет, инклюзивтілік және тиесілілік мәдениетін нығайтады. Бұл топтар тәлімгерлік, оқыту және бірге жұмыс жасау арқылы мансаптық дамуды қолдап, компания ішіндегі байланысты күшейтеді. Қызметтік ресурстар топтары жеке және кәсіби өсуге елеулі үлес қосып, өмір сүріп, еңбек ететін қауымдастықтарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Belonging at Wabtec
Біз бір-бірін қолдайтын жұмыс ортасын қалыптастырып жатырмыз
Ардагерлер форумы
Ардагерлерді біріктіріп, олардың мансаптық өсуіне ықпал етеді.
Wabtec әйелдері
Provides support, education, mentorship and advocacy for women.
Африкалық мұра форумы
Африкалық текті қызметкерлер қауымдастығын нығайтып, олардың кәсіби дамуын қолдайды.
Азия-Тынық мұхиты форумы
Азиялық және Тынық мұхиты аймағы қызметкерлеріне тәлімгерлік, білім беру және көшбасшылықты дамыту бағдарламаларын ұсынады.
Испан және Латино форумы
Испан және латино мәдени мұрасын дәріптеп, қызметкерлердің табысты дамуына жағдай жасайды.
Мүмкіндіктер форумы
Мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге, олардың отбасыларына және қолдаушыларына қолдау көрсетеді.
Инновациядан ықпалға дейін - сіздің жолыңыз осында басталады
50-ден астам елдегі қызметімен Wabtec өсуге, көшбасшылыққа және нақты өзгеріс жасауға шексіз мүмкіндіктер ұсынады. Бүгін өзіңіздің келесі мансаптық қадамыңызды табыңыз.
Қауымдастықтарға қамқорлық көрсетеміз
Wabtec үшін әлемді жақсарту - өткен мұрамыздың да, болашағымыздың да бір бөлігі. Біз өмір сүріп, жұмыс істеп, қызмет көрсететін қауымдастықтардың өмір сапасын арттыруға ұмтыламыз.
Қоғамға әсер етудің негізгі бағыттары
Қоғамға әсер етудің негізгі бағыттары
Wabtec Foundation, қызметкерлердің қайырымдылық бастамалары, шәкіртақылар, United Way бағдарламалары және волонтерлік арқылы қоғамға кешенді қолдау көрсетеміз. Осылайша, бірге тұрақты әрі мағыналы өзгеріс жасаймыз.
Жергілікті гранттар
Wabtec жұмыс істейтін өңірлердегі коммерциялық емес ұйымдарға, әсіресе білім беру мен экология саласында гранттар бөлінеді.
Қосарланған қайырымдылық бағдарламасы
Wabtec қызметкерлер аударған қайырымдылық қаражаттың белгілі бір пайызын қосымша қаржыландырып, әрбір игі істің әсерін арттырады.
Тұрақты даму
Wabtec инновациялық теміржол технологиялары мен жауапты бизнес тәжірибелері арқылы барлық мүдделі тараптар мен планета үшін тұрақты құндылық қалыптастыруға ұмтылады.
Волонтерлік
Жыл сайын Wabtec қызметкерлері әлем бойынша мыңдаған сағат ерікті еңбекке үлес қосады.