Байланыста болайық
Мүмкіндіктер сіз ойлағаннан жақынырақ. Бізбен байланыста болыңыз, өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.
Біздің Таланттар Қауымдастығына қосылыңыз
Wabtec-тің Таланттар қауымдастығына қосылып, бос жұмыс орындары мен жергілікті іс-шаралар туралы бірінші болып хабардар болыңыз.
Wabtec Таланттар қауымдастығына қосылудың 3 себебі
Нұсқау: Бұл – алда болудың ең ақылды жолы.
Егер сіз мансабыңыздағы келесі қадам қандай болатынын білгіңіз келсе немесе Wabtec-тегі мүмкіндіктерден хабардар болғыңыз келсе, біздің Таланттар Қауымдастығына қосылу — дұрыс шешім.
Себебі:
Бірінші болып біліңіз. Жаңа бос орындар ашылған кезде, рекрутерлер алдымен осы қауымдастыққа жүгінеді. Яғни сіз өз қызығушылықтарыңызға сай келетін вакансиялар туралы ірі жұмыс сайттарына жарияланбай тұрып-ақ ертерек хабарлама аласыз.
Біздің назарымызда болыңыз. Қазір белсенді түрде жұмыс іздемесеңіз де, қауымдастыққа қосылу арқылы сіз рекрутинг командасының назарында боласыз. Ал лайықты мүмкіндік пайда болғанда, сіз қазірдің өзінде үміткерлер қатарында боласыз.
Аз күш – жоғары нәтиже. Ұзақ сауалнамалар жоқ, қажетсіз хаттар жоқ. Жылдам тіркелесіз, қызықтыратын бағыттарды таңдайсыз, ал біз сізге тек маңызды жаңартуларды жібереміз.
Кімдер қосыла алады? Бұл тек белсенді жұмыс іздеушілерге арналған емес. Бұл — Wabtec-пен байланыста болып, мүмкіндіктерді жіберіп алғысы келмейтін кез келген адамға арналған.
Студенттер мен тағылымдамашылар – Оқуды аяқтағаннан кейінгі қадамыңызды жоспарлап жүрсіз бе? Жаңалықтардан хабардар болыңыз.
Соңғы кезеңге өткен үміткер – Бұл жолы сәл жетпей қалды, бірақ алда жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр. Байланыста болайық.
Инженерия, cандық және технология саласының мамандары – Егер сіз жобалап, құрастырып, код жазып, инновация жасап жүрсеңіз – сізбен танысқымыз келеді.
Құндылықтарға мән беретін кәсіби мамандар – Тұрақты даму, қауіпсіздік және көлік саласының болашағын қалыптастыру сіз үшін маңызды ма? Онда сіз бізге сай келесіз.
Ротациялық бағдарлама түлектері – Келесі мансаптық қадамға дайынсыз ба? Біз қолдау көрсетуге дайынбыз.
Ізденушілер – Қазір белсенді түрде өтініш бермесеңіз де – ештеңе етпейді. Байланыста болайық.
Қорытынды Wabtec Таланттар Қауымдастығы – бұл мүмкіндіктерден хабардар болып, компания назарында болудың ең тиімді жолы. Өтініш беруге дайын болсаңыз да, тек мүмкіндіктерді зерттеп жүрсеңіз де, сізбен байланыста болуға қуаныштымыз.
Қазір қосылыңыз және мансабыңыздағы келесі қадамды сенімді түрде жасаңыз.