JUMP TO CONTENT

Wabtec-тің көзқарасы мен миссиясы

Біздің көзқарасымыз | Болашақ ұрпақ үшін әлем қозғалысын түбегейлі өзгерту.

Біздің миссиямыз | Инновациялық әрі ұзақ мерзімді көлік шешімдерін ұсына отырып, клиенттеріміздің әлеуетін толық ашу.

Wabtec құндылықтары

  • Image alt text

    Адам - басты құндылық

    Біз қарым-қатынасты бағалаймыз. Әріптестерімізбен де, клиенттерімізбен де дұрыс шешім қабылдаймыз. Адам және оның қауіпсіздігі - біздің негізгі басымдығымыз.

  • undefined

    Мүмкіндіктер көкжиегін кеңейту

    Біз жасайтын өнімдерімізді де, жұмыс тәсілімізді де үнемі жетілдіру жолдарын іздейміз. Біз - өмір бойы білім алатын жандармыз. Үздік нәтижелерге жету үшін үнемі жақсартуға ұмтыламыз.

  • undefined

    Әралуандылықты құрметтеу

    Біз түрлі тәжірибелерді, кәсіби біліктілікті және мәдени ортаны жоғары бағалаймыз. Әркім өзін осы ортаға тиесілі сезінетін ұйым құруға талпынамыз.

  • undefined

    Біртұтас Wabtec

    Біз - ортақ миссия жолында бірігіп жұмыс істейтін жаһандық қауымдастықпыз. Қайда барсақ та, бірге қадам басамыз.

Қызметкелеріміздің дамуына қолдау көрсетеміз

30Kжаһандық қызметкер
10Kоқыту курсы
223Kсағаттан астам жалпы оқыту уақыты
7.2 оқу сағатыбір қызметкерге орта есеппен

Қызметкерлер ресурстық топтары

Біздің жаһандық Қызметтік ресурстар топтар қауымдастықтарымыз -қызметкерлер бастамасымен құрылған бірлестіктер. Олар құрмет, инклюзивтілік және тиесілілік мәдениетін нығайтады. Бұл топтар тәлімгерлік, оқыту және бірге жұмыс жасау арқылы мансаптық дамуды қолдап, компания ішіндегі байланысты күшейтеді. Қызметтік ресурстар топтары жеке және кәсіби өсуге елеулі үлес қосып, өмір сүріп, еңбек ететін қауымдастықтарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Belonging at Wabtec

Инновациядан ықпалға дейін - сіздің жолыңыз осында басталады

50-ден астам елдегі қызметімен Wabtec өсуге, көшбасшылыққа және нақты өзгеріс жасауға шексіз мүмкіндіктер ұсынады. Бүгін өзіңіздің келесі мансаптық қадамыңызды табыңыз.

Бос жұмыс орындарын іздеу

Қауымдастықтарға қамқорлық көрсетеміз

Wabtec үшін әлемді жақсарту - өткен мұрамыздың да, болашағымыздың да бір бөлігі. Біз өмір сүріп, жұмыс істеп, қызмет көрсететін қауымдастықтардың өмір сапасын арттыруға ұмтыламыз.

Қоғамға әсер етудің негізгі бағыттары

Қоғамға әсер етудің негізгі бағыттары

Wabtec Foundation, қызметкерлердің қайырымдылық бастамалары, шәкіртақылар, United Way бағдарламалары және волонтерлік арқылы қоғамға кешенді қолдау көрсетеміз. Осылайша, бірге тұрақты әрі мағыналы өзгеріс жасаймыз.

Жергілікті гранттар

Wabtec жұмыс істейтін өңірлердегі коммерциялық емес ұйымдарға, әсіресе білім беру мен экология саласында гранттар бөлінеді.

Қосарланған қайырымдылық бағдарламасы

Wabtec қызметкерлер аударған қайырымдылық қаражаттың белгілі бір пайызын қосымша қаржыландырып, әрбір игі істің әсерін арттырады.

Тұрақты даму

Wabtec инновациялық теміржол технологиялары мен жауапты бизнес тәжірибелері арқылы барлық мүдделі тараптар мен планета үшін тұрақты құндылық қалыптастыруға ұмтылады.

Волонтерлік

Жыл сайын Wabtec қызметкерлері әлем бойынша мыңдаған сағат ерікті еңбекке үлес қосады.